Ағымдағы жобалар

«TRENCO R&D» ЖШС 2019 жылдың қазанынан бастап отын – энергетикалық кешен объектілері жұмысының сенімділігін, қауіпсіздігін және тиімділігін арттыру, сондай-ақ қоршаған ортаға теріс әсерді төмендету бойынша міндеттерді шешуге бағытталған «Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердегі Энергетика объектілері жұмысының тиімділігі мен сенімділігін арттыру» Мемлекетаралық Еуразиялық бағдарламасын іске асыруға қатысады.


2019 жылғы желтоқсаннан бастап «Trenco R&D» ЖШС «Электросервис өндірістік компаниясы» ЖШС-мен әріптестікте трансформаторлық жабдықтарға арналған мониторинг жүйесін әзірлеу және өндіру бойынша жұмыс істейді.