Қазақстан Республикасы, Нұр-Сұлтан (Астана) қ.,
Қабанбай батыр даңғылы 53/11, 53блок (S4)
+7 778 082 00 81
info@trencontc.kz

Жаңалықтар

2022 жылғы 12 сәуірде Нұр-Сұлтан қаласында Ғылым қызметкерлері күніне орайластырылған ғылыми әзірлемелерді коммерцияландыру жобаларының көрмесі (бұдан әрі – Көрме) өтті.

Бұл іс-шараның ұйымдастырушылары Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, «Ғылым қоры» АҚ, «QazInnovations» Ұлттық инновациялық даму агенттігі» АҚ, ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі минстрлігі мен  Дүниежүзілік банктің «Өнімді инновацияларды андыру» Жобасы болды.

Көрме аясында Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Тоғжанов Ералы Лұқпанұлы мен Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі Аймағамбетов Асхат Қанатұлының қатысуымен пленарлық отырыс өтті. Спикерлер құттықтау сөзінде  қазақстандық ғалымдардың жоғары жетістіктерін, сондай-ақ ғылыми-инновациялық қызметті дамытудың алдағы мақсаттары, міндеттері мен жолдарын атап өтті. Әр түрлі қызмет саласындағы Қазақстанның үздік ғалымдары медальдармен және грамоталармен марапатталды.

Үш панельдік сессия өткізіліп, оның барысында коммерцияландыру және масштабтау мақсатында  іскер серіктестерге іздеу жариялаған аяқталған және жүзеге асырылып жатқан ғылыми жобалардың презентациясы болды.

«TRENCO R&D» ЖШС серіктесі «Кентау трансформатор зауыты» АҚ-мен бірлесіп «Ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру мақсатында жүктеме кезінде кернеуді реттейтін 63 МВА, кернеу класы 220 кВ автотрансформатор технологиясын әзірлеу және өндіріске енгізу» жобасын ұсынды. Бұл жоба коммерцияландыру көрсеткіштері бойынша жетекші орынға ие болды және «Өнімді инновацияларды ынталандыру» жобасы аясында «Өндірістік сектор консорциумдары II» гранттық бағдарламасын сәтті жүзеге асырудың үлгісі ретінде таңдалды. Ғылыми-техникалық қоғамдастық өкілдері мен шараның басқа да қатысушылары жобаның жоғары әлеуметтік-экономикалық тиімділігі мен отандық машина жасауды дамытудағы практикалық маңыздылығын атап өтті.

«TRENCO R&D» ЖШС пен Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды

2022 жылғы 17 наурызда Алматы қаласында «TRENCO R&D» ЖШС бас директоры Қамбар Р.П. мен Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ -дың ғылым және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі проректоры Шоқпаров А.Ж. ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Меморандумның мақсаты – ұзақ мерзімді серіктестік орнату және кадрларды даярлау саласындағы өзара тиімді ынтымақтастықты дамыту, бірлескен ғылыми зерттеулер жүргізу және өзара әрекеттестікті нығайту.

Сонымен қатар, инновациялық өнімдерді бірлесіп жасап, ғылыми-техникалық жобаларды жүзеге асыру болжанып жатыр. Білім және ғылым саласында конференциялар, семинарлар, дөңгелек үстелдер және басқа да танымдық және ғылыми іс-шаралар өткізу жоспарлануда.

Алдағы ынтымақтастықтың маңыздылығын атап өткен Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ -дың ғылым және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі проректоры Шоқпаров А.Ж.  бірлескен күш-жігер университет студенттерінің практикалық дағдыларын кәсіби даярлаудың жоғары сапалы деңгейін қамтамасыз етуге ықпал ететініне сенім білдірді.

«TRENCO R&D» ЖШС бас директоры Қамбар Р.П.: «Республикамыздағы инженерлік білім берудің флагманы, Қазақстандағы ең ірі техникалық жоғарғы оқу орны Сәтбаев университетімен серіктестік жоғары технологиялар саласындағы іргелі және қолданбалы ғылыми-инновациялық зерттеулерді дамытуды сапалы жаңа деңгейге шығарады.Бізде көп жылдық тәжірибені, дамыған инфрақұрылымды және материалдық-техникалық базаны пайдалана отырып, өзекті өндірістік мәселелердің тиімді шешімдерін жасауға және жоғары технологияларды дамытуға мүмкіндік бар» - деп атап өтті.

Trenco R&D компаниясы Қазақстан Республикасының нарығында өңдеуші өнеркәсіптің ғылыми-техникалық дамуына мамандандырылған алдыңғы қатарлы ғылыми-техникалық орталық