«TRENCO R&D» ЖШС консорциум құрамында ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру мақсатында кіші жобаны қаржыландыру жөнінде ҚР ЦДИАӨМ-мен гранттық келісім жасасты.
Дүниежүзілік банк пен Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің қолдауымен «Өнімді инновацияларды ынталандыру» жобасы аясында «Өндірістік сектор консорциумдары: Индустриялық-ғылыми технологиялық консорциум» бағдарламасы арқылы (бұдан әрі – ӨСК), «Ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру мақсатында бақылаудың біріктірілген жүйесі бар 500 кВ шунтталған реакторды әзірлеу және өндіріске енгізу» кіші жобасын гранттық қаржыландыру мақұлданды.
ӨСК бағдарламасы өндірістік сектор консорциумдары үшін гранттар ұсыну арқылы экономикадағы өндірістік секторларды жақсарту мақсатында ҒЗИ, университеттер, сондай-ақ Қазақстандағы ғылыми және инженерлік бейіндегі зертханалар мен жеке сектор кәсіпорындары арасындағы ынтымақтастықты ынталандыруға бағытталған. Гранттық бағдарламаның негізгі мақсаты консорциумдардың инновациялық шешімдерін, ғылыми әзірлемелері және/немесе технологияларын коммерцияландыру болып табылады.
«TRENCO R&D» ЖШС машина жасау және энергетика саласында ғылыми-зерттеу және технологиялық дамытуға маманданған ғылыми-техникалық орталығының қызметкерлері грант алушы, сонымен қатар бизнес-серіктес ретінде әрекет ететін және кіші жобаны іске асыру үшін өндірістік базасын пайдалануға беретін – «Азия Трафо» ЖШС инженерлерімен бірігіп, орнатылған бақылау жүйесі бар инновациялық реакторды әзірлейді.