Ғылым мен өндірістің интеграциясы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитетімен гранттық қаржыландыру туралы жасалған 2021 жылғы 2 наурыздағы № 85-КМУ2 келісімге сәйкес «TRENCO R&D» ЖШС тарапынан «Энергетика және машина жасау» басым бағытта екі жоба жүзеге асырылуда:
1. «Қуаты 16000кВА, кернеуі 10 кВ ЖЖҮМ-16000/10 типті (Кернеуді Жүктемемен реттейтін Желілік Үш фазалық Майлы) желілік реттеу трансформаторларын әзірлеу» іскери серіктес – «Кентау трансформатор зауыты» АҚ;
2. «Өмірлік циклды арттыру мақсатында 110-750 кВ кернеу класы үшін реакторлардағы діріл мен шудың төмендеуін зерттеу», іскери серіктес – «Азия Трафо» ЖШС.
Аталған жобаларды жүзеге асыру аясында 2022 жылдың наурыз айының 9-ы мен 12-сі аралығында ғылыми жетекшілер мен зерттеушілердің Шымкент және Кентау қалаларына іссапары өтті. Жұмыс сапары барысында «Кентау трансформатор зауыты» АҚ және «Азия Трафо» ЖШС кәсіпорындарының басшылығымен, инженерлерімен және трансформаторлық-реакторлық жабдықтардың конструкторларымен кездесулер өтті. Отырыстарда Scopus және Web of Science халықаралық деректер базаларында индекстелген ғылыми журналдарда мақалаларды жариялауға дайындау, жазу және құрылымдау мәселелері жан-жақты талқыланды. Отырыстардың қорытындысы бойынша тәжірибелік әзірлемелердің аралық нәтижелері және мақалаларды қалыптастыруға қажетті атқарылған жұмыстар қарастырылды. Екі жоба бойынша да зерттеу мәселелеріне сәйкес материалдарды жинау және деректерді талдау жұмыстары басталды.