«TRENCO R&D» ЖШС пен Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды

2022 жылғы 17 наурызда Алматы қаласында «TRENCO R&D» ЖШС бас директоры Қамбар Р.П. мен Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ -дың ғылым және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі проректоры Шоқпаров А.Ж. ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Меморандумның мақсаты – ұзақ мерзімді серіктестік орнату және кадрларды даярлау саласындағы өзара тиімді ынтымақтастықты дамыту, бірлескен ғылыми зерттеулер жүргізу және өзара әрекеттестікті нығайту.

Сонымен қатар, инновациялық өнімдерді бірлесіп жасап, ғылыми-техникалық жобаларды жүзеге асыру болжанып жатыр. Білім және ғылым саласында конференциялар, семинарлар, дөңгелек үстелдер және басқа да танымдық және ғылыми іс-шаралар өткізу жоспарлануда.

Алдағы ынтымақтастықтың маңыздылығын атап өткен Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ -дың ғылым және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі проректоры Шоқпаров А.Ж.  бірлескен күш-жігер университет студенттерінің практикалық дағдыларын кәсіби даярлаудың жоғары сапалы деңгейін қамтамасыз етуге ықпал ететініне сенім білдірді.

«TRENCO R&D» ЖШС бас директоры Қамбар Р.П.: «Республикамыздағы инженерлік білім берудің флагманы, Қазақстандағы ең ірі техникалық жоғарғы оқу орны Сәтбаев университетімен серіктестік жоғары технологиялар саласындағы іргелі және қолданбалы ғылыми-инновациялық зерттеулерді дамытуды сапалы жаңа деңгейге шығарады.Бізде көп жылдық тәжірибені, дамыған инфрақұрылымды және материалдық-техникалық базаны пайдалана отырып, өзекті өндірістік мәселелердің тиімді шешімдерін жасауға және жоғары технологияларды дамытуға мүмкіндік бар» - деп атап өтті.