2022 жылғы 12 сәуірде Нұр-Сұлтан қаласында Ғылым қызметкерлері күніне орайластырылған ғылыми әзірлемелерді коммерцияландыру жобаларының көрмесі (бұдан әрі – Көрме) өтті.
Бұл іс-шараның ұйымдастырушылары Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, «Ғылым қоры» АҚ, «QazInnovations» Ұлттық инновациялық даму агенттігі» АҚ, ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі минстрлігі мен Дүниежүзілік банктің «Өнімді инновацияларды андыру» Жобасы болды.
Көрме аясында Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Тоғжанов Ералы Лұқпанұлы мен Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі Аймағамбетов Асхат Қанатұлының қатысуымен пленарлық отырыс өтті. Спикерлер құттықтау сөзінде қазақстандық ғалымдардың жоғары жетістіктерін, сондай-ақ ғылыми-инновациялық қызметті дамытудың алдағы мақсаттары, міндеттері мен жолдарын атап өтті. Әр түрлі қызмет саласындағы Қазақстанның үздік ғалымдары медальдармен және грамоталармен марапатталды.
Үш панельдік сессия өткізіліп, оның барысында коммерцияландыру және масштабтау мақсатында іскер серіктестерге іздеу жариялаған аяқталған және жүзеге асырылып жатқан ғылыми жобалардың презентациясы болды.
«TRENCO R&D» ЖШС серіктесі «Кентау трансформатор зауыты» АҚ-мен бірлесіп «Ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру мақсатында жүктеме кезінде кернеуді реттейтін 63 МВА, кернеу класы 220 кВ автотрансформатор технологиясын әзірлеу және өндіріске енгізу» жобасын ұсынды. Бұл жоба коммерцияландыру көрсеткіштері бойынша жетекші орынға ие болды және «Өнімді инновацияларды ынталандыру» жобасы аясында «Өндірістік сектор консорциумдары II» гранттық бағдарламасын сәтті жүзеге асырудың үлгісі ретінде таңдалды. Ғылыми-техникалық қоғамдастық өкілдері мен шараның басқа да қатысушылары жобаның жоғары әлеуметтік-экономикалық тиімділігі мен отандық машина жасауды дамытудағы практикалық маңыздылығын атап өтті.