Ғылым және коммерцияландыру жөніндегі халықаралық кеңестің (ҒКХК) қатысуымен жүзеге асырылып жатқан гранттық кіші жобалар бойынша көшпелі мониторингі
2022 жылғы 16 маусымда «Өнімді инновацияларды ынталандыру» жобасы (бұдан әрі – Жоба) шеңберінде екі кіші жобаны іске асыру тиімділігін бағалау мақсатында:
1) « Өнеркәсіптік сектор консорциумдары ІІ: Өнеркәсіптік және ғылыми-технологиялық консорциум» бағдарламасы бойынша «Ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру мақсатында мониторингтің біріктірілген жүйесі бар 500 кВ шунттаушы реакторды әзірлеу және өндіріске енгізу» (бұдан әрі – ӨСК II);
2) «Аға ғылыми қызметкерлер тобына арналған гранттар» бағдарламасы бойынша (бұдан әрі – АҒҚТ) «Трансформаторларды жобалау және дайындаудың тұтынушыға бағытталған интеграцияланған автоматтандырылған жүйесін әзірлеу және енгізу»;
Ғылым және коммерцияландыру жөніндегі халықаралық кеңестің (ҒКХК) көшпелі мониторингі жүргізілді. ҒКХК мүшелері Erik Azulay,Emil Martin, Basheer Chanbasha мен Аюп Ысқаков-пен бірге Жобаларды басқару тобының (бұдан әрі – ЖБТ) директоры және кіші жобалар менеджері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің (ҚР ЦДИжАӨМ) өкілі екі жобаны жүзеге асыруға арналған өндірістік алаңға «Азия Трафо» ЖШС-ке (Шымкент) сапар жасады.
Сапар барысында Іске асыру жоспарына сәйкес іс-шараларды жүзеге асырудың ағымдағы жағдайы туралы презентация жасалып, комиссия аралық нәтижелермен және кіші жобаларды іске асыру барысында туындаған қиындықтармен танысты. Мониторинг нәтижелері бойынша комиссия екі кіші жобаның да технологиялық дайындығы мен коммерцияландыру мүмкіндіктерін жоғары бағалады.