«Мемлекеттердің энергетикалық нысандарының тиімділігі мен сенімділігін арттыру» бағдарламасы
Үстіміздегі жылдың қазан айынан бастап «TRENCO R&D» ЖШС отын-энергетикалық кешеннің сенімділігі, қауіпсіздігі және тиімділігін арттыру мәселелерін шешуге , сонымен қатар қоршаған ортаға кері әсерін азайту бағытталған «Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердегі энергетикалық объектілердің тиімділігі мен сенімділігін арттыру» мемлекетаралық еуразиялық бағдарламасын іске асыруға қатысады.
Мемлекетаралық еуразиялық бағдарлама Еуразиялық экономикалық комиссияның Өнеркәсіп саясаты департаментінің қолдауымен «Энергия және электрлендіру» еуразиялық технологиялық платформасында жасалды.
Мемлекетаралық еуразиялық бағдарламаны 5 жыл ішінде ЕАЭО-ның 30-дан астам ғылыми-өндірістік ұйымдары жүзеге асырады.
Жаңалықтар