2021 жылы 26 - 27 сәуірде жоба менеджерлерінің Шымкент және Кентау қалаларына жұмыс сапары өтті
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитетімен гранттық қаржыландыру туралы жасалған келісімге сәйкес «Энергетика және машина жасау» басым бағыты бойынша «TRENCO R&D» ЖШС тарапынан екі жоба жүзеге асырылуда:
1. «Қуаты 16000кВА, кернеуі 10 кВ ЖЖҮМ-16000/10 типті (Кернеуді Жүктемемен реттейтін Желілік Үш фазалық Майлы) желілік реттеу трансформаторларын әзірлеу» іскери серіктес – «Кентау трансформатор зауыты» АҚ;
2. «Өмірлік циклды арттыру мақсатында 110-750 кВ кернеу класы үшін реакторлардағы діріл мен шудың төмендеуін зерттеу», іскери серіктес – «Азия Трафо» ЖШС.
Осы жобаларды іске асыру аясында ғылыми зерттеулер жүргізу бойынша міндеттемелерді орындау үшін 2021 жылдың 26-27 сәуір аралығында жобалық топтың жетекшілері мен мүшелерінің Шымкент және Кентау қалаларына іссапарлары өтті. Жұмыс сапары барысында «Кентау трансформатор зауыты» АҚ-ның және «Азия Трафо» ЖШС-нің өндірістік алаңдары араланып, жұмыс процестерін ұйымдастыру мен үйлестірудің, өзара әрекеттестік пен ынтымақтастықты дамытудың өзекті мәселелерін талқылау үшін кездесулер өткізілді. Технологиялық нұсқаулықтар және көрсеткіштермен танысуға, сондай-ақ өнертабысқа патенттерді тіркеудегі және ғылыми мақалаларды жариялаудағы дайындық мәселелеріне ерекше назар аударылды. Кездесулердің нәтижесі бойынша жобалардың сәтті басталуы расталып, алға қойылған міндеттерді орындау және көздеген мақсаттарға жету үшін бағыт бағдар анықталды .