«TRENCO R&D» ЖШС «Астана-Технополис» арнайы экономикалық аймағына қатысушы мәртебесін алды
2019 жылғы 4 желтоқсанда «TRENCO R&D» ЖШС белгіленген тәртіппен «Астана-Технополис» арнайы экономикалық аймағына қатысушы мәртебесін алды..
«Астана-Технополис» еркін экономикалық аймағының мақсаттары:
- өңдеу өнеркәсібінде аса тиімді, оның ішінде жоғары технологиялық және бәсекеге қабілетті өндірістер құру;
- жаңа технологиялардың жедел дамуы, ғылыми зерттеулердің ұйымдастырушылық, экономикалық және әлеуметтік жағдайларын одан әрі жақсарту, жаңа технологияларды игеру, оларды коммерцияландыруға көмектесу.
«TRENCO R&D» ЖШС-нің негізгі қызметі жеңілдетілген салық режимін қолдана отырып, «Астана-Технополис» АЭА аумағында жүзеге асырылатын қызмет түрлеріне сәйкес келеді.
Жаңалықтар