«Астана-Технополис» арнайы экономикалық аймағына қатысушы мәртебесін алуға өтініш берілді

Инновациялық және аналитикалық презентация

19.20.2020 ж., Назарбаев Университеті базасында, «Nazarbayev University Research and Innovation System» (бұдан әрі - NURIS) жеке мекемесімен бірлесе отырып іс-шара өткізілді. Бұл іс-шараның мақсаты «Alageum Electric» АҚ және оның негізгі серіктесі «TRENCO R&D» ЖШС-нің жаңа перспективалық жобалары туралы компанияның мүмкіндіктері және іскери серіктестер мен клиенттермен өзара әрекеттесуі туралы хабардар ету болды. Сондай-ақ тапсырыс берушілермен компанияның техникалық мамандары өзара ықпалдасу және кеңес бере алуы үшін арнайы алаңдар ұйымдастырылды. Тұсаукесерге Қазақстанның жетекші университеті «НУ» АҚ Инженерлік және сандық ғылымдар мектебінің студенттері өте белсенді атсалысты. Іс-шара барысында бірлескен ғылыми жобалар, Назарбаев Университет пен «TRENCO R&D» ЖШС-нің ынтымақтастық жобалары ұсынылды.