«TRENCO R&D» ЖШС пайдалы модельге патент алды.

«TRENCO R&D» ЖШС-нің өтініміне сәйкес, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Ұлттық зияткерлік меншік институты» РМК сараптама жүргізіп, оның нәтижесінде 03.09.2021 жылы «Әмбебап үшфазалық трансформатор» пайдалы моделіне №6394 патент беру туралы шешім қабылдады.

Патенттің күші Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында қолданылады.

Патентке пайдалы модельдің толық сипаттамасы www.kazpatent.kz ресми сайтында «Қазақстан Республикасының пайдалы модельдерінің мемлекеттік тізілімі» бөлімінде қолжетімді.

2222