«TRENCO R&D» ЖШС-і Қазақстан машина жасаушыларының IX форумына қатысты.
2021 жылғы 22-23 қыркүйекте Нұр-сұлтан қаласында EXPO халықаралық көрме орталығында Қазақстан машина жасаушыларының IX форумын (бұдан әрі – Форум) және машина жасау мен металл өңдеу жөніндегі “Kazakhstan Machinery Fair 2021” І халықаралық мамандандырылған көрмесі өткізілді.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қолдауымен Форумды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі мен Қазақстан машина жасаушылар Одағы ұйымдастырды.
23 қыркүйекте онлайн форматта өткен «Электротехникалық машина жасау» салалық секциялық отырысы аясында «TRENCO R&D» ЖШС-тің Бас директоры Қамбар Р.П. «Электротехникалық машина жасау саласында отандық өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін ғылыми көзқарас қолдану» тақырыбында презентация жасады. Бас директор өз сөзінде ұлттық, аймақтық және халықаралық нарықта сұранысқа ие жаңа отандық технологиялар мен инновациялық өнімдерді әзірлеу мен дамыту үшін ҒЗТҚЖ-ға инвестицияларды бөлудің маңыздылығына тоқталды. Халықаралық тәжірибе көрсеткендей, ғылым мен инновацияны қаржыландырмайтын компаниялардың болашағы жоқ. Жетілдірілген өнімдерді жасайтын зерттеулер мен әзірлемелерді қолдану экономикалық өсуді ынталандырады. Нәтижесінде кәсіпорындар, сондай-ақ мемлекет пайда табу көрсеткіштерінің өсуі мен жұмыс өнімділігінің жоғарылауы түрінде оң әсер алады.