«TRENCO R&D» ЖШС ғылыми-техникалық орталығы «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитеті» мемлекеттік мекемесі тарапынан ғылыми және ғылыми-техникалық жобаларына гранттық қаржыландыру ұтып алды.
«TRENCO R&D» ЖШС ғылыми-техникалық орталығы, өңдеу өнеркәсібінің ғылыми-технологиялық даму саласында мамандандырылған, Alageum Electric компания тобының негізгі ғылыми серіктесі болып табылады.
Alageum Electric компания тобы шығаратын өнімдер, атап айтқанда трансформаторлар мен реакторлар зауыттарға өте қымбатқа соғатын жоғары технологиялық өнімдер болып табылады. Осыған байланысты кәсіпорындар мен фабрикалардың еңбек өнімділігін көтеру үшін мемлекеттік қолдау өте маңызды.
Сонымен, 2020 жылы бірлескен ынтымақтастық және серіктестік туралы келісім шеңберінде «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитеті» мемлекеттік мекемесі тарапынан ғылыми және ғылыми-техникалық жобалары бойынша гранттық қаржыландыруға жеті өтінім берілді, оның ішінде 2 келесі жобалар мақұлданды:
1. «Өмірлік циклді арттыру мақсатында 110-750 кВ кернеу класына реакторлардағы діріл мен шудың азаюын зерттеу» (іскери серіктес - «Asia Trafo» ЖШС);
2. «Қуаты 16000кВА, кернеуі 10 кВ ЖЖҮМ-16000/10 типті (Кернеуді Жүктемемен реттейтін Желілік Үш фазалық Майлы) желілік реттеу трансформаторларын әзірлеу» (іскери серіктес – «Кентау трансформатор зауыты» АҚ);
Қосымшалар: 1. «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитеті» мемлекеттік мекемесінің 11.02.2021 жылғы No 20-нж бұйрығы. 2 бет; 2. Ұлттық ғылыми кеңестің 2021 жылғы 25 қаңтардағы No1 хаттамасы, 2 бет;